АҚШ Сенаты Б.Бернанкені Федералдық резервтік жүйенің басшылығына тағайындауға дауыс берді
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - АҚШ Сенаты Федералдық резервтік жүйенің төрағасы Бен Бернанкенің өкілеттігін ұзартуды қолдап, дауыс берді.
Сенаттың 70 мүшесі осы шешімді қолдаса, 30 адам қарсы дауыс берді, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Дауыс берудің қарсаңында бірқатар сенаторлар Федералдық резервтік жүйе басшысының дағдарысқа қарсы шараларын қатты сынға алған болатын. Олардың пікірінше, егер федералдық жүйе жылжымайтын мүлік бағаларының «экономикалық көпіршіктеріне» қарсы күрескенде, АҚШ экономикалық дағдарысқа ұшырамайтын еді.
АҚШ Президенті Барак Обама Б.Бернанкені Федералдық резервтік жүйе басшылығына екінші төртжылдық мерзімге 2009 жылдың тамыз айында ұсынған болатын.
Тағы бір айта кететін жайт, Time журналы Б.Бернанкені «2009 жылдың Жыл адамы» деп атады.