12:13, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
АҚШ соты J&J компаниясын обыр дертіне шалдыққан әйелге $110 миллион төлеуді міндеттеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Johnson & Johnson өнімін пайдаланғандықтан обыр дертіне шалдыққан Вирджиния штатының тұрғыны өтемақы ретінде компаниядан 110 миллион доллар алады, деп хабарлады Рейтер.
Бұл шешімді америкалық Сент-Луис соты қабылдады. Әйел 40 жыл бойы J&J шығарған опаны күн сайын пайдаланып келген.
2012 жылы әйелден аналық безі обырын анықтаған. Кейіннен бауырға тараған. Қазір ол химия терапия алып жүр.
Компания әйелдің жазылуына тілектестік білдіріп, соттың шешіміне шағымданатынын, J&J опасының қауіпсіз екенін айтуда.