АҚШ соты Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің мәлімет жинау іс-қимылын заңды деп шешті

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - АҚШ Федералдық сотының қаулысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік агенттігі тарапынан телефон мәліметтерін жинау іс-қимылдары заңды деп танылды. Бұл туралы ВВС хабарлады.
None
None

Айта кетейік, бұдан бұрын Арнайы қызметтің бұрынғы агенті Эдвард Сноуден жария еткен құжаттарға қарағанда америкалық Ұлттық қауіпсіздік агенттігі күн сайын әлем бойынша 5 млрд. телефон қоңырауларына тыңшылық жасаған.

Судьяның мәлімдемесіне қарағанда, осы мәліметтерді үкімет қандай да бір бөлек мақсаттарға пайдаланғаны туралы дәлел жоқ.

Осы арқылы сот америкалық азаматтық еркіндікті қорғау одағының талап-арызын қабылдамады. Судьяның айтуынша, аталған агенттіктің тыңшылық бағдарламасы «әл-Каида» желілері бойынша жауапты соққы беруге негізделген.

Соңғы жаңалықтар