АҚШ-та 17 жастағы жасөспірім кісі өлтіргені үшін 40 жылға сотталды

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-та 17 жастағы жасөспірім шекара қызметінің 30 жастағы офицері Роберт Розасты өлтіргені үшін 40 жылға кесілді,

АҚШ-та  17 жастағы жасөспірім     кісі  өлтіргені  үшін 40 жылға сотталды

деп хабарлайды Аssociated Press.

Оқиға 2009 жылдың шілде айында болған. Ол кезде 16 жаста болған мексикалық заңсыз мигрант Кристиан Даниэль Кастро Альварес Кампо деген алыс ауданда американ-мексика шекарасын күзетіп жүрген жерінде офицер Р.Розасты атып өлтіреді.

Іс материалдарына сүйенсек, , К.Алварес тағы бірнеше заңсыз мигранттармен бірге шекараны торуылдап, офицерді өлтіруді алдын ала жоспарлаған. Патрульдің назарын аудару үшін олар жолда іздер қалдырған және шу көтерген. Шекарашы автокөлігінен түсіп, оларға бет алған кезде, мексикалықтар шабуыл жасап, оның қаруын тартып алған, ал жасөспірім қылмыскер оған 9 рет оқ атқан.