23:12, 10 Қаңтар 2015 | GMT +5
АҚШ-та 1793 жылғы құны бір центтік мыс монета 2,35 млн долларға сатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1793 жылы АҚШ-та соғылған құны бір центтік мыс монета Флорида штатындағы Орландо қаласындағы аукционда 2, 35 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің деректеріне қарағанда, шақада бір-бірімен жалғасқан 13 шынжыр тізбек бейнеленген. Ол алғашқы 13 американдық колонияның бірлігін білдіреді.
Бәссауданы ұйымдастырған Heritage Auctions аукцион үйінің президенті Гег Роуханның айтуынша, монетаның аса сирек кездесетіндігі - дизайнының тым қысқа мерзімге созылғаны. Өйткені, сыншылар шынжыр тізбек құлдықты еске салады деген пікірде болған. Нәтижесінде ол гүлдерден өрілген шеңберге ауыстырылған.