АҚШ-та 50 миллионға жуық адам жаңа тұмауды жұқтырып отыр

АСТАНА.  Желтоқсанның  11-і.  ҚазАқпарат -  Құрама Штаттарда ағымдағы жылдың сәуір айынан бері   50 миллионға жуық   адам,     яғни  әрбір  алтыншы американдық     жаңа тұмаумен ауырған.

АҚШ-та 50 миллионға жуық  адам жаңа тұмауды  жұқтырып  отыр

Бұл   туралы  «Азаттық»  радиосы  хабарлайды.

АҚШ-тың  Ауруларды бақылау  және   олардың алдын  алу  жөніндегі  орталығының   директоры  Томас  Фрайденнің   хабарлауынша,      H1N1  вирусын  жұқтырған  10 мыңға жуық   адам  қайтыс   болған.