19:57, 16 Наурыз 2016 | GMT +5
АҚШ-та 92 жасқа қараған шағында Сергей Есениннің ұлы өмірден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та 91 жасында Сергей Есениннің ұлы белгілі кеңес диссиденті Александр Есенин-Вольпин қаза тапты.

Александр Есенин-Вольпин 1924 жылы Ленинградта дүниеге келді. Оның анасы ақын Надежда Вольпин еді.
1949 жылы ол антикеңестік өлеңдері үшін психиатриялық ауруханаға орналастырылды. 1965 жылы Мәскеудегі Пушкин алаңындағы бірінші құқық қорғау қозғалысын өткізу бастамасын көтерген.
Есенин-Вольпин математик және философ, математикалық логика және құқық теориясы саласындағы бірнеше жұмыстың авторы.
1972 жылы құқық қорғаушы АҚШ-қа эмиграцияланды.