АҚШ-та A/H1N1 тұмауына қарсы вакцинаның 5 миллиондай дозасы қайтарып алынды

АСТАНА.  Желтоқсанның  23-і.  ҚазАқпарат - Британдық straZeneca   компаниясының    еншілес кәсіпорны -  американдық MedImmune  фармацевтикалық  компаниясы   A/H1N1 тұауына  қарсы     вакцинаның 4,7  миллион дозасын   қайтарып  алынғанын   мәлім етті.
None
None

«Вакцинаның  қауіпсіздігіне  қатысты ешқандай күдігіміз жоқ,    біз тек  оның  тиімділігінің төмендегенін  байқап отырмыз»,  -  деді   желтоқсанның 22-сінде    телефон  конференциясында АҚШ-тағы   Азық-түліктер мен   дәрілік    заттарды   бақылау  жөніндегі    әкімшіліктің      зерттеу және   талдау  вакцинасы  жөніндегі     директоры   Норман  Бейлор.

Ол  сондай-ақ, MedImmune   вакцинасын  еккендерге   ештеңеден  қауіптенбеулерін   және    қайта  вакцина қабылдауларына негіз жоқ  екенін айтып  отыр.   Бұған дейін   француздың Sanofi-Aventis  компаниясы  да дәл  осындай себеппен    800 мың доза вакцинаны    қайтарып алған     еді.

 Әлемде A/H1N1   тұмауынан  қайтыс  болғандардың саны  10 мың  адамнан  асты,  деп хабарлайды  Дүниежүзілік  денсаулық сақтау  ұйымы.

Соңғы жаңалықтар