АҚШ-та әлемдегі ең кішкентай ат дүниеге келді
АСТАНА. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат - Американың Нью-Гэмпшир штатында ерекше оқиға орын алды - әлемдегі ең кішкентай ат дүниеге келді. Құлынға - Эйнштейн деген ат берілді, оның бойы небәрі 35,5 см, ал салмағы - 2,7 келі. Бұл туралы «Маяк» радиосы хабарлайды.
Кішкентай «сәйгүліктің» иесі Рэйчел Вагнердің айтуынша, Гиннестің Рекордтар кітабы бойынша, бұған дейінгі әлемдегі ең кішкентай құлын -4 келі болған. Сондықтан да бұл рекорд жаңартылатын сыңайлы.