21:06, 07 Маусым 2016 | GMT +5
АҚШ-та аллигатор жолдан «зебра» бойынша өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Флорида штатында Палм-Кост қаласында жүрген аллигатор жолды «зебра» бойынша кесіп өткен.

Тәртіпті жаяу жүргіншінің суретін жергілікті полиция бөлімі Facebook-тегі парақшасында жариялады.
Суреттің астында аллигатордың ұзындығы бір жарым метрден асатыны жазылды. Бастапқыда жыртқыш жолға жатып, кейін белгіленген жерден өткен. Полицейлер жануар аман-есен жолды кесіп өтуі үшін автомобиль қозғалысын шектеді.
Жануарды аулау үшін маманды шақырды.