АҚШ-та атқа мінген фермер велосипед ұрлаған адамды «құрықтады»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орегон штатының Медфорд қаласындағы ранчо иегері Роберт Борба «Wallmart» дүкеніне келушілердің бірі велосипедін ұрлатып алғанын дереу біліп, ұрыға шалма лақтырып ұстады, деп жазады ВВС.
None
None

-Біреудің айғайлағанын естідім, қарасам, бір жігіт велосипедпен қашып барады екен, - дейді 28 жастағы шабандоз.
«Mail Tribune» порталының жазуынша, ол ұрыны байқай сала, атына мініп ізіне түскен. Артынша қаскүнем велосипедтен секіріп, жаяу қашпақ болғанда, Роберт оған шалма лақтырған. Арқанға қылмыскер шалынып, құтыла алмапты.
Ұрыны ұстаған бойы ол дереу 911 қызметіне хабарласып, 15 минуттан кейін келген полицияға ұрыны тапсырған.

Соңғы жаңалықтар