Ауру жұқтыруы мүмкін - АҚШ-та жол апатынан кейін қашып кеткен маймыл іздестіріліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Миссисипи штатының билігі жол апатынан кейін қашып кеткен зертханалық маймылды іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. Примат ауру жұқтырған болуы мүмкін, деп хабарлайды Guardian.

обезьяна
Фото: freepik

Ақпаратқа сәйкес, Луизиана штатындағы Тулейн университетінің Ұлттық биомедициналық орталығынан келген резус-макакалар С гепатиті және Covid-19 сияқты бірнеше вирусты жұқтырған, сондықтан адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін.

Салмағы шамамен 12 кг болатын приматтар агрессия танытқан, сондықтан оларға тек жеке қорғаныс құралдарымен ғана жақындауға рұқсат етілді.

Кейінірек жергілікті полиция өкілдері бір маймылдан басқасының бәрі өлтірілгенін хабарлады. Қазіргі уақытта соңғы макаканы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Ганада маймыл шешегі таралып жатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар