АҚШ-та белгісіз біреулер атыс ұйымдастырып, түнгі клубтағыларды кепілге алды

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Флорида штаты Орландо қаласында белгісіз біреулер атыс ұйымдастырып, түнгі клубтағы адамдарды кепілге алды, деп хабарлады америкалық БАҚ.
None
None

ITV телеарнасы хабарлағандай, оқиға Pulse гей-клубында орын алды. Ол жерді полиция қоршауға алды. Белгілі болған дерек бойынша бірнеше адам жараланды. Куәлердің айтуынша, оқ атқандар саны - екеу.
Бұл тәулік ішінде Орландода орын алған екінші атыс. Кеше «Дауыс» шоуының жұлдызы Кристина Гриммиге концерттен кейін оқ атылып, мерт болған.

Соңғы жаңалықтар