АҚШ-та бензиннің орташа бағасы рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ-та бензиннің орташа бағасы жаңа рекордтық көрсеткішке — галлонға $4,46 (3,79 л) жетті, бұл 7 сәуірде Иранмен уақытша келісім жарияланғаннан кейінгі ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап, БЕЛТА хабарлады.

АҚШ-та бензиннің орташа бағасы рекордтық деңгейге көтерілді
Фото: Pexels

Бастапқы мәліметтерге қарағанда, Ирандағы әскери операция басталғаннан бері бензиннің орташа бағасы 49%-дан астам өскен. Осы уақытта мұнай бағасы жыл басынан бері шамамен 80%-ға қымбаттады.

Бағаның өсуіне қысқа мерзімді қысымның күшеюі, әсіресе, АҚШ президенті Дональд Трамптың Иран порттарын блокадада ұстау ниетін білдіруімен байланысты.

— Біз бағаның бұл қысқа мерзімді өсуі американ халқына қалай әсер ететінін түсінеміз, — деп жағдайға АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент пікір білдірді.

Бензин ең қымбат Калифорнияда — галлонға $6,11. Вашингтон және Гавайи штаттарында оның бағасы $5,6-ға жетеді. Сондай-ақ, Орегон, Невада және Аляска тұрғындары үшін жанармай бағасы $5-тен асады.

Бұған дейін АҚШ-та бензиннің орташа бағасы бір галлонға 3,57 доллардан 5,96 долларға дейін ауытқып, АҚШ азаматтарының бюджетіне қосымша салмақ түсіретінін жаздық.