АҚШ-та бұрынғы NASA астронавты екі қызды өлтірді деген күдікке ілінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік апатына және оның салдарынан екі қыз қазаға ұшырауына айыпталған NASA-ның бұрынғы астронавты Джеймс Холселл 150 мың доллар мөлшерінде кепілдікпен бостандыққа жіберілді. Бұл туралы ТАСС Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Холселл жексенбі күні Алабама штатында тұтқындалды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол өзінің Сhrysler 300 машинасының рулінде жолаушылар орындығында 11 жасар Ниоми Джеймс пен 13 жасар Джейла Парлер отырған Ford Fiesta автомобиліне соқтығысқан. Жол-көлік апаты Таскалус қаласынан шығысқа қарай тасжолда болған.

Қыздар жол апаты кезінде автомобильден ұшып кеткен. Сондай-ақ Ford Fiesta машинасында болған екі ересек адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың хал-жағдайы хабарланған жоқ.

Оқиғадан кейін 59 жастағы бұрынғы астронавты кісі өлтіруге айыпталып, қамауға алынды. Полициядан хабарлағандай, алдын ала мәліметтер бойынша Холселл жылдамдық режимін арттырған. Бұл іс бойынша тыңдаулардың өтетін күні  белгіленген жоқ.

Холселл 1956 жылы Вест-Монро  қаласында (Луизиана штаты) туылған. 1994 жылдан 2000 жылға дейін NASA шаттлдарында бес рет ұшқан. NASA-ның «Ғарышқа ұшқаны үшін» медалімен бес рет марапатталған. АҚШ Әскери-Әуе Күштерінің полковнигі шені бар.  

Соңғы жаңалықтар
telegram