АҚШ-та демократтардың демеушілері Байденді әлі де отставкаға кетуге шақыруда

джо байден
Фото: Chris Kleponis/Pool/CNP/Global Look Press

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президенті Джо Байденнің пікірсайыстарда көпшілік алдында сөйлегені және ABC News арнасына берген сұхбаты Демократиялық партияның ірі демеушілерінің қорқынышын сейілте алмады, деп хабарлайды ABC News.

Пікірталастардан кейін Джо Байденді отставкаға кетуге шақырған Netflix негізін қалаушы және төрағасы Рид Хастингс өз үндеуін күшейтті.

«Өкінішке қарай, Байден өзінің психикалық жағдайын мойындамай отыр. Ол демократтардың жігерлі көшбасшысының Трампты жеңуіне мүмкіндік беру үшін кетуі керек», - деді Рид Хастингс.

Paypal-дың бұрынғы бас директоры Билл Харристің атап өтуінше, Джо Байденнің ABC News-ке берген сұхбатында қартайып бара жатқаны байқалып тұрған. Бұл жағдай Байденге уақыт өткен сайына күмандана бастаған демократ-сайлаушылардың күмәнін үдете түсуі мүмкін.

Б.Харристің пікірінше, сұхбат пен пікірталас қорытындылары Байденнің отставкаға кетуден басқа жолы жоқ. 2020 жылы Б.Харрис Байденнің Жеңіс қорына 620 мың аударды.

Б.Харис өзі негізін қалаған «Демократтар болашақ буын үшін» атты саяси іс-қимыл комитетнің Джо Байден отставкаға кете қалған жағдайда президентікке кандидат ретінде Демократиялық партия атынан шығатын азаматтардың дебаттарына 2 млн доллар көлемінде қаржы бөлетінін мәлімдеген болатын.

Осы жылдар ішінде демократтарға жылына 100 мың доллардан астам қайырымдылық жасаған инвестор Уитни Тилсон да Джо Байден кетуі тиіс деген пікірде.

«АҚШ халқы туралы менің көзқарасым тұрғысынан қарайтын болсақ өте мықты берілген сұхбаттың өзі Байденнің Трампты қараша айында жеңуі қиын деген пікірімді өзгерте алмайды. Ол орасан зор тәжірибесі бар тамаша адам және керемет президент болса да, тағы төрт жыл президент болудың қиындығын көтере алмайды», - деді У.Тилсон.

Миллиардер және Лос-Анджелестегі жылжымайтын мүлік магнаты Рик Карузо да жоғарыдағы үндеулерге қосылып, «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында: «Осы маңызды кезеңде, осы маңызды сайлауда президент Байден үшін отставкаға кету дұрыс және құрметті нәрсе» деп хабарлама жариялады.

Кейбір донор демократтар президентті отставкаға кетуге шақырып қана қоймай, өздерінің талаптары орындалмайынша ір тиын де бермейміз деп отыр.

Бұған дейін The Walt Disney Company басшысы Эбигейл Дисней мен The Moriah Fund жекеменшік қорының президенті Гидеон Стейн Демократиялық партияға қайырымдылық жасаудан бас тартқан.

Сенбіде Джо Байден өз қолдаушыларына ақша жинау үндеуінде оны президенттік жарыстан бас тартуға шақыруды «сандырақ» деді.

Соңғы жаңалықтар
telegram