АҚШ-та футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадиондар маңында 300-ден астам дрон тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Көлік қауіпсіздігі басқармасының мәліметінше, әлем чемпионаты басталғаннан бері америкалық ведомстволар стадиондардың маңында 300-ден астам дрон тәркілеген, деп хабарлайды NBC News.

АҚШ-та футболдан әлем чемпионаты өтіп жатқан стадиондар маңында 300-ден астам дрон тәркіленді
Фото: seattlered.com

АҚШ Азаматтық авиация федералдық басқармасы шектеулі әуе кеңістігіне рұқсатсыз кіріп отырған дрон операторларына 100 мың долларға дейін айыппұл салынатынын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және дрондары тәркіленетінін мәлімдеді.

Матч күндері әуе қозғалысын басқарушылар рұқсат берген жағдайларды қоспағанда стадиондар айналасындағы 3 теңіз милі радиусында және жер деңгейінен 3 мың фут биіктікте дрондарды қоса алғанда барлық әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынды.

ФТБ рұқсат етілмеген дрондарды анықтау және залалсыздандыру үшін әлем чемпионаты матчтарын өткізетін стадиондарға қызметкерлер топтарын жібергені туралы хабарланды.