09:06, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
АҚШ-та кабинадан шыққан иіс салдарынан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондоннан Мехикоға ұшқан British Airways компаниясының лайнері жұма күні американдық қала Миннеаполиске шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Excelsior порталы.

Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, мұндай жағдайға ұшқыштар кабинасындағы күдік келтірген иіс себеп болған. Ұшақ бортындағы 200 жолаушының енді қашан өз сапарларын жалғастыратындығы белгісіз болып отыр.