22:24, 15 Қазан 2013 | GMT +5
АҚШ-та қалың қардың салдарынан 100 мыңнан астам ірі қара мал қырылып қалды
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында фермерлер 100 мыңнан астам сиырдың қырылғаны жөнінде хабарлады.

Осы өңірде күннің күрт суытуы мен қалың қар жаууы нәтижесінде жазғы өрісте жайылып жүрген ірі қара мал жаппай қырылған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Оңтүстік Дакота фермерлері 1,25 миллион доллар көлемінде шығынға батқан, деп хабарлайды «РИА «Новости».