АҚШ-та күн райына байланысты жүздеген рейс кейінге шегерілді

АСТАНА. KAZINFORM – Америка Құрама Штаттарының солтүстік-шығысындағы дүлей дауыл демалыс күндеріне жоспарланған әуе қатынасына кедергі келтірді. Ауа райына байланысты Нью-Йорк пен Нью-Джерси билігі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Kazinform BILD ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та күн райына байланысты жүздеген рейс кейінге шегерілді
Фото: Anadolu

Нью-Йоркте қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Ұлттық ауа райы қызметі қалың қар жауып, көктайғақ болады деп болжап отыр. 

Елдегі әуежайлар дауылды күн райынан зардап шеккен. FlightAware мәліметінше, JFK, LaGuardia және Ньюарк әуежайларында барлығы 886 рейс тоқтатылды.

Нью-Йорк қаласының тұрғындарына сапарға шықпауға және мүмкіндігінше үйде болуға үндеу жасалды. The New York Times газетінің хабарлауынша, аталған қалада кейінгі үш жылда мұндай боранды ауа райы болмаған. 

Қолайсыз ауа райы Америка Құрама Штаттарының басқа аймақтарын әбігерге салған. Батыс жағалауда да әуе қатынасының үзілуі туралы хабарланды. Калифорнияда жағдай мәз емес. 

Los Angeles Times газетінің хабарлауынша, Калифорнияда кем дегенде 3 адам қайтыс болған. Лос-Анджелестің солтүстік-шығысындағы аудандарда лай көшкіні үйлер мен жолдарды зақымдады, көліктер суға ағып кеткен, ағаштар тамырымен жұлынған.

Губернатор Гэвин Ньюсом бірнеше ауданда, соның ішінде Лос-Анджелес пен Сан-Диего округтерінде төтенше жағдай жариялады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 

Соңғы жаңалықтар