АҚШ-та қылмыскер дронның көмегімен түрмеден қашқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Оңтүстік Королина штатында Джимми Кауси есімді жазасын өтеуші қатаң режімдегі түрмеден дронның көмегімен қашып кеткен, деп жазады Fox News.
None
None

Телеарнаның мәліметінше, белгісіз біреулер дронның көмегімен түрмедегі таныстарына тістеуік жеткізіп берген. Соның көмегімен Джимми Кауси темір тордан сытылып шығудың амалын тапқан.

Алайда қылмыскер алысқа ұзап кете алмаған. 7 шілде күні оны сақшылар Техаста қолға түсірген. Қазіргі таңда полиция оған кімдердің көмектескенін анықтау үстінде. 

Соңғы жаңалықтар