АҚШ-та миллиардерлерге арналған алғашқы интернет-аукцион ашылды
АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Құрама Штаттарда миллиардерлерге арналған алғашқы интернет-аукцион ашылды.
Сатылымға үйлер, яхталар, коллекциялық өнер туындылары, аса қымбат зергерлік бұйымдар шығарылады, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Мысалы, ондағы алғашқы лоттардың қатарында 2001 жылы шығарылған және қолданыста болған ұшақ бар, оның бастапқы құны - небәрі 40,4 миллион доллар. Немесе 1,5 миллион доллардың Ferrari көлігі бар. Оны қымбатсынғандарға 100 мың доллардың Ferrari көлігі де табылады.
Аталмыш интернет-клубқа қосылу үшін бір ғана шарт қойылады - есепшотта аз дегенде 2 миллион доллар қаражаты болуы керек.