АҚШ-та Нетаньяхудың сапарына қарсы наразылық акциясы өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Палестинаны қолдайтын белсенділер Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың бүгін АҚШ-қа жоспарланған сапарына қарсы Ақ үй алдында наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы Anadolu хабарлады.

АҚШ-та Нетаньяхудың сапарына қарсы наразылық акциясы өтті
Фото: Anadolu

Наразылық білдірушілер Палестина туы мен «Израильді қаруландыруды тоқтатыңдар», «Палестина жасасын!» деген жазуы бар баннерлер ұстап, «Палестинаға бостандық!» деп ұрандатты.

Наразылыққа шыққандардың бірі тұтқын киімін киіп, Нетаньяхудың бет-бейнесі салынған бетперде тағып шыққан.

Дүйсенбі, 7 шілде күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Биньямин Нетаньяху Вашингтонда кездесу өткізеді. Бұл Трамп 2025 жылдың қаңтарында президент қызметіне кіріскелі бері үшінші кездесу болмақ.

Аталған кездесу маусым айында Израиль мен АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына бірлесіп жасаған шабуылы аясында екі ел үшін «жеңісті кездесу» немесе «триумфалды марш» түрінде өтпек.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль Газа секторында екі айлық атысты тоқтатуға қажетті шарттармен келіскенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар