АҚШ-та полицейлерді таңқалдырған кісі өлімі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Виржиния қаласында екпінді желден ұшып кеткен жағажай шатыры 55 жастағы әйелдің өліміне себеп болды, деп хабарлады «Reuters» агенттігі.
None
None

Полицияның хабарлауынша, күн көзінен қалқалайтын жиылмалы шатырдың сүйір ұшы Лотти Мишель Белк Честер есімді әйелдің кеудесіне шаншылып, жүрегіне қадалған. Жедел жәрдем дәрігерлері оны аурухана жеткізгенімен, өміріне араша бола алмады.
«Бұл сұмдық жазатайым оқиға болды», - деп мәлімдеді қала офицері. Ол 25 жыл полиция бөлімінде қызмет етіп, мұндай жағдайды көрмегенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар