01:01, 29 Қазан 2015 | GMT +5
АҚШ-та тапаншамен ойнаған екі жасар бала өзін-өзі атып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Джорджия штатында әкесінің тапаншасымен ойнаған екі жасар бала абайсызда өзін атып алды, деп хабарлайды ТАСС.

Белгілі болғандай, оқталған қаруды отағасы төсектің үстіне тастап кеткен. Полицияның айтуына қарағанда, қараусыз қалған қаруды қолына алған бала өзін атып жіберген. Оқиға кезінде үйде баланың әкесі мен төрт жастағы ағасы болды.
Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.