АҚШ-та тасқын салдарынан 28 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Техас және Оклахома штаттарында су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың саны 28-ге жетті. Бұған дейін ажал құшқан 23 адам туралы хабарланған болатын.
None
None

Сондай-ақ 15 адам із-түссіз жоғалған, деп хабарлайды РИА Новости. Техастың оңтүстік-шығысындағы Уортон қалашығында Колорадо өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан сақтық мақсатында шамамен 300-ге жуық үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Таяу сағаттарда өзендегі су деңгейі он метрден астам көтеріледі.

Нөсер әлі бірнеше аптаға жалғасуы мүмкін. Табиғи апат салдарынан келтірілген шығын сағат сайын көбейіп келеді.

Соңғы жаңалықтар