АҚШ-та тергеуге алынған студенттің әкесі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан шығарылды - Атырау

АТЫРАУ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Атырауда кәсіпкер Әмір Исмағұлов - АҚШ-та тергеуге алынған студент Азамат Тажаяқовтың әкесі қалалық мәслихатта «Нұр Отан» ХДП фракциясынан шығарылды.

АҚШ-та тергеуге алынған студенттің әкесі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан шығарылды - Атырау

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Азмұханов хабарлағандай, Әмір Исмағұловты «Нұр Отан» фракциясынан шығару туралы ұсыныс қалалық мәслихатта оның ұзақ уақыт бойы болмауына байланысты туындаған. 9 ай бойы АҚШ-та жүрген депутат партия фракциясының отырыстарына қатыспақ түгілі, кестеге сәйкес қоғамдық қабылдауды да жүзеге асыра алмайды.

«Соған қарамастан Әмір Исмағұлов бұрынғыша Атырау қалалық мәслихатының депутаты болып қалып отыр», - деді Қ.Азмұханов.

Еске сала кетейік, Азамат Тажаяқов АҚШ-та 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостондағы лаңкестік актісіне байланысты істе сот төрелігін жүргізуге кедергі келтірді деген айыппен тергеуге алынды. Бұл оқиғаның салдарынан үш адам қаза болып, 280-нен астам адам зардап шекті.