АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, бес адам опат болды

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Американың Оклахома штатында бір моторлы жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, бес адам опат болды,

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырап, бес адам опат болды

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

 АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) өкілінің хабарлауынша, Оклахомадан Техасқа ұшып бара жатқан Piper PA-32 ұшағы байланыс мұнарасының сымдарын іліп өтіп,  Талс қаласының батысындағы Чендлер бағының аумағына құлаған. Ұшақтағы адамдардың барлығы да мерт болған.