АҚШ-та заңсыз жүрген бір топ Өзбекстан азаматы еліне қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM — 21 қаңтарда Америка Құрама Штаттарының уәкілетті органдары ел аумағында заңсыз жүрген адамдарды депортациялау үшін тағы бір чартерлік рейс жасады. Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

ұшақ
Фото: freepik

Бұл рейспен Өзбекстанның 44 азаматы отанына қайтарылды.

Чартерлік рейс АҚШ-тың тиісті мемлекеттік органдарымен бірлесіп ұйымдастырылғаны және оны жүзеге асыру «Өзбекстан азаматтарының еліне қауіпсіз және уақытылы оралуын қамтамасыз еткені» атап өтілді.

-Бұл жәйт Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір маңызды мысалы болып табылады. Басқа елдердегі еліміз азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың заңды құқықтарын қорғау және оларды отанына қайтару бойынша ынтымақтастық жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, АҚШ-тан депортацияланбақ болған өзбекстандықтар еліне оралды.

Депортацияланған өзбекстандық мигранттар елге қайту шығынын өтеуге міндеттеледі.

 

Соңғы жаңалықтар