АҚШ-та жаңа 100 долларлық ақша белгісі айналымға енгізілмек

Қолдан жасаудан сақтандырудың дәстүрлі қауіпсіздік шараларына қосымша банкнотқа үш өлшемді көк лента салынбақ, оған салынған сурет ақша белгісін ары бері айналдырғанда өзгеріп тұратын болады. Сонымен қатар, ол қағазға басып шығарылмайды, қағазбен бірге өріледі. Және де банкнотқа салынған сия кері айналдырғанда түсін ауыстыра отырып, қоңырауға айналады.
«Адамдар одан нені іздеу керектігін білетін болса, ақша белгісінің шын немесе жалған екенін екі-ақ секундта ажырата алады», - деп мәлімдеді ФҚЖ өкілі Майкл Ламберт.
100 долларлық ақша белгісінің барлық қауіпсіздік шараларын әзірлеуге 10 жылдан астам уақыт қажет болды. Алдымен, ол 2011 жылғы ақпан айына жоспарланған, алайда техникалық қиындықтарға байланысты кейін шегіндіруге тура келді.
100 долларлық ақша өзінің кең таралғандығымен АҚШ-тан тыс жерлерде жиі қолдан жасалатын ақша белгісі болып табылатынын атап айтамыз.