10:11, 04 Наурыз 2010 | GMT +5
АҚШ-та жас бала авиадиспетчер болып жұмыс істеген
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда жас бала ұшақтарға ұшуға және қонуға бұйрық берген.
Бұл оқиға аудиожазбаны тыңдағаннан кейін белгілі болып отыр. Анықталғандай, ақпанның 16-сы күні диспетчердің жұмысын оның баласы атқарған болып шықты. 10 жастар шамасындағы «жас диспетчер» әкесінің басшылығымен ұшқыштарға нұсқаулар берген, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Азаматтық авиация басқармасының өкілдері мұны «ережелер мен кәсіби тәртіпті бұзудың дөрекі оқиғасы ғана емес, ақылға сыймайтын факті» деп атап отыр. Қазір нағыз диспетчер - баланың әкесі мен ауысым басшысы жұмыстан шеттетілді, ал келеңсіз жайт бойынша тексеру жүріп жатыр.