АҚШ-та жеңіл моторлы ұшақ балалар орталығына құлады
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Поло-Альто деген елді мекенінде жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады.
Ұшақ бортында болған үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press.
Оқиға кеше Калифорния штатында, ұшақ Пало-Альто әуежайынан көтерілгеннен кейін орын алған. Жергілікті өкіметтің мәлімдемесі бойынша, Air Unique Inc әуе компаниясына тиесілі Cessna 310 моделіндегі ұшақ балалар орталығы орналасқан ғимаратқа құлаған. Дегенмен, жердегі адамдардың арасында орын алуы ықтимал құрбандықтар туралы әзірге мәлімет келіп түскен жоқ.
Полицияның ақпараты бойынша, ұшақ апатынан оның бортындағы үш адам ғана опат болған. Құрбандардың тұлғалары мен апаттың себептері әзірге анықталған жоқ.