АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 9,7 пайызға жетті

ВАШИНГТОН. Қыркүйектің  5-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ -   Тамыз  айында АҚШ-та    жұмыссыздық деңгейі  1983 жылдан  бергі   рекордтық деңгейге -  9,7 пайызға көтерілді.
None
None

 Дегенмен,   АҚШ-тың  Еңбек  департаментінің ақпараты  бойынша, соңғы айда  америка экономикасы  216 мың  жұмыс орнын жоғалтқан -  бұл  ағымдағы   жылдағы  ең төменгі көрсеткіш.   Тек  қана шілде айының  өзінде  276 мың адам  жұмыссыз қалған   болатын.

 Экономиканың   жандану   белгілеріне қарамастан,   келер  жылы     еңбекпен қамту көрсеткіші  өсе  қоймайды  деп күтілуде.

АҚШ-тың Федералдық резервтік  жүйесі, ағымдағы жылдың   соңына қарай  жұмыссыздық  деңгейі  10 пайызға  жетеді  деп болжап отыр.

Соңғы жаңалықтар