АҚШ-тағы фестиваль кезінде болған атыстан 12 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Огайо штатындағы Толедо қаласында өткен фестиваль маңында болған атыс салдарынан кемінде 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

Стрельба в бильярдном клубе в Эквадоре: погибли семеро
Фото: pixabay.com

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендердің екеуі ауыр халде жатыр.

Толедо қаласы полициясы бастығының орынбасары Джо Хеффернанның айтуынша, оқиғаға кемінде екі адамның қатысы болуы мүмкін.

– Бір-біріне оқ атқан кемінде екі адам болған сияқты, – деді ол.

Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр және тұрғындарға оқиға орнына жақын аумақтардан аулақ болуды ескертті.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері Old West End фестивалі өтіп жатқан жерге келген кезде бірнеше жараланған адамды анықтаған. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін ауруханаларға жеткізілді.

Old West End фестивалі – жанды музыка концерттері, азық-түлік жәрмеңкелері, экскурсиялар мен сауда-саттық бағдарламаларын қамтитын екі күндік мәдени іс-шара.

Айта кетейік, Эквадор портындағы өрттен 35 кеме зардап шекті.