АҚШ-тағы жасөспірімнің қазасынан кейін ChatGPT-де ата-ана бақылауы енгізілді

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — ChatGPT әзірлеушісі америкалық OpenAI компаниясы мобильді құрылғыларда және чат-ботының веб-нұсқасында ата-ана бақылауын іске қосты, деп хабарлайды DW.

ChatGPT
Фото: Zuma/ТАСС

Енді ата-аналар балалардың аккаунттарын өз аккаунттарын арқылы бақылап отыра алады. Бұл балаларды белгілі бір контент түрлерінен қорғауға мүмкіндік береді, деп хабарлады чат-бот әзірлеушілері. Сонымен қатар, ата-аналар ChatGPT қолдану уақытын шектей алады және бірқатар функцияны, соның ішінде сурет генерациясын өшіре алады.

Чат-бот бұдан бөлек, кәмелетке толмаған қолданушыда ықтимал күрделі проблемалар туындаған жағдайда ата-аналарды хабардар ететін болады. Алайда әзірлеушілердің айтуынша, ата-аналар балалардың чаттағы хат-хабар тарихына толық қол жеткізе алмайды.

Тамыз айының соңында АҚШ-та 16 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсағаннан кейін, оның ата-анасы ChatGPT-ті жасаған OpenAI компаниясын сотқа берген еді. Ата-аналар компанияны баласына суицид жасауға көмектесті деп айыптап отыр. Дәлел ретінде олар баланың смартфонынан табылған жасанды интеллектпен жазысқан хат-хабарды ұсынған. 

Айта кетелік Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Сайланбаев ChatGPT-дің көмегіне жүгінген кезде деректерді ұрлатып алмау үшін қандай сақтық шараларын қолдану керектігін айтқан еді

 

Соңғы жаңалықтар