21:03, 26 Ақпан 2010 | GMT +5
АҚШ-тағы қалың жауған қар үш адамның өмірін қиды
АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі қалың жауған қардан үш адам мерт болды. Бұл жөнінде жергілікті полиция мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Мерт болғандардың бірі жасы 56-дағы ер адам. Ол Нью-Йорктегі Орталық бақта ауыр қардың салмағынан құлаған ағаш бұтақтарының соққысынан опат болды.
Нью-Йорк штатындағы тағы екі адам автомобиль апатынан мерт болды.