АҚШ тамыз айында Ауғанстанда 47 жауынгерінен айрылды

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і.  ҚазАқпарат - Ауғанстанның  оңтүстігінде  екі   жарылыстың салдарынан  екі  американдық жауынгер қаза тапты, 
None
None

 деп хабарлайды Associated Press агенттігі әскерилердің  мәлімдемелеріне сілтеме  жасап.

Оқиғаның  кеше болғаны   ғана мәлім болып отыр,    қалған мән-жай    хабарланбай  отыр. 

 Осылайша,     тамыз  айында Ауғанстандағы  американ  әскерінің   шығыны  47 адамды  құрады.  Естеріңізге сала  кетейік,  тамыздың 29-ында Ауғанстанда   американ  әскерилеріне жасалған  лаңкестік шабуылдың салдарынан  екі  бейбіт тұрғын    қаза болып,  тағы 21 адам жарақат  алған  еді.  Оқиға Забуль  провинциясында  болды. Жанкештінің    мақсаты - базарды  шолып жүрген   американ   сарбаздары болған.

Соңғы жаңалықтар