АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақстандықтар 1000 АҚШ долларын қалай алады

АСТАНА. KAZINFORM — Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстан Республикасының елшілігі АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады.

Депортация из США: что происходит с казахстанскими мигрантами
Коллаж: canva

— АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударамыз. Аталған бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлу қарастырылған, — деп түсіндірді елшілік.

Ведомство мәлім еткендей, ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты: «Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз, реттелген әрі үнемді жолы» деген пікір білдірді.

— Елшілік АҚШ-та әр-түрлі себептермен мәртебесіз, заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруға шақырады. Сол арқылы заңсыз мигранттарға қолданылатын шаралардың алдын алуға, мәселені заңды түрде шешуге және болашақта елге оралу құқығын сақтау үшін маңызды қадам болмақ, — деп атап өтті АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі.

Осыған дейін АҚШ өздігінен депортацияланатын заңсыз шетелдіктерге 1000 доллар төлейді деген ақпарат тараған болатын.

Соңғы жаңалықтар