АҚШ Таяу Шығыста 2003 жылдан бергі ең ірі авиациялық күшін шоғырландырды
АСТАНА. KAZINFORM — Таяу Шығыстағы америкалық авиациялық күштердің ауқымы 2003 жылғы Иракқа басып кіруден бергі ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің өңірдегі меншікті тілшісі.
The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, аймаққа АҚШ авиациясын жаппай көшіру 2003 жылы Ирактағы әскери операция басталғалы бергі ең ірі көлемде жүзеге асқан.
Қазіргі әскери күштің ұлғаюы Дональд Трамп әкімшілігінде Иранға ықтимал соққы мәселесінің талқылануымен тұспа-тұс келіп отыр. Америкалық БАҚ деректеріне сәйкес, аймаққа ондаған жауынгерлік ұшақ, соның ішінде F-16, F-22 және F-35 жойғыштары, сондай-ақ екі авианосецтік соққы тобы жіберілген.
Major US naval, air buildup in the Middle East sets stage for potential Iran war.
— AFP News Agency (@AFP) February 19, 2026
CNN and CBS reported Wednesday that the US military will be ready to launch strikes against Iran as early as this weekend, though Trump has reportedly not made a final decision yet… pic.twitter.com/cRJOwP2PY8
Бұған дейін Axios басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, тек соңғы бір тәуліктің ішінде аймаққа шамамен 50 жойғыш ұшақ жөнелтілгенін хабарлаған. Сонымен қатар қаңтар айынан бері АҚШ қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізу үшін 150-ден астам әскери-көліктік рейс жүзеге асырған.
Қазіргі уақытта өңірде USS Abraham Lincoln бастаған авианосецтік топ бар. Екінші ұшақтасығыш — USS Gerald R. Ford — орналастыру аймағына бет алған. Сонымен қатар қосымша ілесіп жүретін кемелер мен әуе қорғанысы жүйелері де жұмылдырылған.
Axios дереккөздерінің бағалауынша, ықтимал операция өткен жазда болған Израиль мен Иран арасындағы «он екі күндік соғыстан» ауқымдырақ болуы мүмкін. АҚШ кейінірек бұл қақтығысқа қосылып, Иранның жерасты ядролық нысандарына соққы жасағаны айтылған. Басылым болжамынша, ықтимал әскери науқан бірнеше аптаға созылуы мүмкін.
F/A-18 Super Hornets from Strike Fighter Squadron 14 land on the deck of USS Abraham Lincoln (CVN 72) in the Arabian Sea. When launched from a catapult an aircraft carrier, the Super Hornet can go from a full stop to airborne in under 3 seconds. pic.twitter.com/0mRLNMiwuJ
— U.S. Central Command (@CENTCOM) February 18, 2026
Әскери күштерді арттыру дипломатиялық байланыстармен қатар жүріп жатыр. Осы аптада Женевада АҚШ пен Иран өкілдерінің кездесуі өтті. Алайда америкалық тараптың бағалауынша, келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеу болмаған.
Өңірлік БАҚ мәліметінше, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерде елеулі прогресс болмауы әскери сценарий ықтималдығын арттыратын факторлардың бірі ретінде қарастырылуда.
Бұған дейін америкалық БАҚ Трамп 21 ақпанда Иранға соққы беруді мақұлдауы мүмкін екенін хабарлаған болатын.