АҚШ-тың арнайы елшісі мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM  - АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия жөніндегі арнайы елшісі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау 26-30 қазан аралығында Қазақстан мен Өзбекстанға барады.

АҚШ-тың арнайы елшісі мен Мемлекеттік хатшы орынбасары Қазақстанға келеді
Фото: Pexels

АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында жоғары лауазымды дипломаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметінің өкілдерімен экономика және қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін кездеседі.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, Америка Құрама Штаттары Орталық Азиядағы серіктестерімен қарым-қатынасты нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін ынтымақтастықты жалғастырады.

— Біз елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдіреміз және C5+1 дипломатиялық платформасы аясында АҚШ пен Орталық Азия серіктестігінің онжылдығын атап өтеміз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Президент АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдаған болатын.

Президент АҚШ сапары аясында 20-дан астам кездесу өткізді.

 

Соңғы жаңалықтар