АҚШ-тың «Джеральд Форд» ұшақтасығышы Кариб теңізінде қандай операция жүргізеді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы (SOUTHCOM) USS Gerald R. Ford ұшақ тасығышы әскери-теңіз қорғаушыларымен бірге Кариб теңізіне кіргенін жіне «трансұлттық ұйымдасқан қылмыс» пен «наркотерроризмге» қарсы операциялар жүргізетінін хабарлады. Бұл туралы италиялық Agenzia Nova жазды.

АҚШ-тың «Джеральд Форд» ұшақтасығышы Кариб теңізінде қандай операция жүргізеді
Фото: АҚШ Әскери әуе күштері

«Ісімізге деген табанды адалдығымыздың және күштерімізді мақсатты қолдануымыздың арқасында біз өңірімізді тұрақсыздандыруға бағытталған трансұлттық қатерлерге қарсы күресуге дайынбыз», — деді Оңтүстік қолбасшылығының қолбасшысы адмирал Элвин Холси. «USS Gerald R. Ford бастаған ұшақ тасығыштар тобының орналастырылуы — Батыс жарты шардың және біздің Отанымыздың қауіпсіздігін қорғаудағы табандылығымызды нығайтудағы маңызды қадам», деп қосты ол.

«USS Gerald R. Ford» ұшақ тасығышының басқа әскери-теңіз ұшақтарымен бірге Кариб теңізіне кіруі — қыркүйек айының басынан бері Ақ үй жүзеге асырып келе жатқан стратегияның бір бөлігі. Бұл стратегия «есірткі террористеріне» қарсы әскери ресурстарды пайдалануды көздейді (АҚШ Қорғаныс министрлігі кемінде 80 есірткі саудагерінің жойылғанын хабарлаған). 

Дегенмен әлемдік БАҚ-та бұл әскери әрекеттер Николас Мадуроға қысым көрсету, оны Венесуэла басшысы қызметінен кетуге мәжбүрлеу әрекеті ретінде кеңінен тарады. Осыған орай, Трамп әкімшілігінде Каракаста қандай шаралар қолдану керектігі жөнінде қызу кеңесу жүріп жатыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл талқылаулар бойынша «шешім қабылдағанын», бірақ әзірге жариялай алмайтынын айтты. Мадуро бұл «егемендікке қауіп төндіретін» әрекеттерді айыптап, оған ішкі оппозицияны да, Вашингтонмен бірлескен оқу-жаттығуларға келісіп отырған Кариб бассейні елдерін де айыптап, қауіпсіздік пен қорғаныс күштерінің тұрақты мобилизациясын жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың ұшақ тасығыш кемелері Кариб теңізі айдынына енгенін жаздық.

Соңғы жаңалықтар