АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасы: 92 кеменің бағыты өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Қарулы күштері Иранның теңіз блокадасы аясында 92 сауда кемесінің бағыты өзгертілгенін, тағы үш кеменің пайдаланудан шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

АҚШ-тың Иранға қарсы теңіз блокадасы: 92 кеменің бағыты өзгерді
Фото: CENTCOM

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға қарсы теңіз блокадасы туралы мәлімдемені X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Мәлімдемеде 6 қыркүйектегі жағдай бойынша Иранның теңіз блокадасы аясында 92 сауда кемесінің бағыты өзгертілгені айтылған. Сонымен қатар үш кеме «пайдаланудан шығарылған», тағы үш кеме «талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында» тексерілген.

CENTCOM жариялаған ақпаратта АҚШ Әуе күштерінің F-35A үлгісіндегі көзге көрінбейтін жойғыш ұшағы аймақтағы теңіз суларын патрульдеп жүргені де айтылған.

Бұған дейін АҚШ Қарулы күштері Иран аймақтағы америкалық екі әскери кемеге шабуыл жасағаннан кейін Ислам революциясы сақшылар корпусының үш танкерін жойғанын мәлімдеген.

Сондай-ақ Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері Ормуз бұғазында америкалық әскери ұшқышсыз жерүсті аппаратқа шабуыл жасаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ормуздағы шиеленістен 400 кеме мен 6 мың теңізші Парсы шығанағынан шыға алмай отырғанын жаэдық.

Ал Оңтүстік Корея Ормуз бұғазына әскер жіберетінін мәлімдеді.