АҚШ-тың орталық аймақтарында 50 млн адамға торнадо қаупі төніп тұр
АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-тың орталық бөлігінде жойқын дауылдар күшейіп, миллиондаған адам қауіпті аймақта қалды.
Бұл туралы агенттіктің Вашингтондағы меншікті тілшісі хабарлады.
Ұлы жазықтар аумағында болған күшті дауылдар торнадо, ірі бұршақ, екпінді жел және су тасқыны қатар өршіп отыр.
Күн райын болжау орталығы Канзастың орталық бөлігінен Миссуридің солтүстік-батысына және Небрасканың оңтүстік-батысына дейінгі аумақта қауіп деңгейін 5 балдың 4-іне дейін көтерді.
Мамандардың мәліметінше, мұндай жоғары деңгейдегі ескерту жылына шамамен 14 күн ғана жарияланады.
Оклахомадан Айоваға дейінгі тұрғындарға торнадо қаупі жөнінде ескерту жасалды. Қауіпті аймаққа Канзас-Сити, Омаха, Линкольн және Де-Мойн қалалары да кіріп отыр.
ABC News дерегіне сәйкес, АҚШ-тың орталық бөлігінде шамамен 50 млн адам жойқын дауыл қаупі бар аймақта тұрады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
WSVN телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күнгі дауылдардан кейін аймақта шамамен 20 торнадо тіркелген.
Небраска, Канзас, Оңтүстік Дакота және Айованың солтүстік-батысында диаметрі ірі бұршақ жауып, жел жылдамдығы сағатына 112 шақырымнан асқан.
Нөсер жауын салдарынан су тасқыны қаупі де күшейді.
Ескерту Небрасканың оңтүстік-шығысынан Канзастың шығысына дейінгі аумақта, сондай-ақ Миссуридің батысы мен орталық бөлігінде жарияланды. Бұл өңірлерде су басу қаупі 4 балдың 3-іне бағаланып отыр.
Синоптиктердің болжамынша, сейсенбі күні Техастан Вермонтқа дейінгі аумақта да күшті дауыл қаупі сақталады.
Осыған дейін Орталық Азияның климаттық өзгерістердің дәл ортасында тұрғаны туралы жаздық.