АҚШ-тың Үндістанға қатысты кедендік баж салығы көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістаннан әкелінетін тауарларға кедендік баж салығын екі есе арттырды, деп хабарлайды CNN.

Повышенные таможенные пошлины США для Индии вступили в силу
Фото: Anadolu Ajansı

27 тамыздан бастап АҚШ-қа Үндістаннан импортталатын өнімдерге 50% мөлшерінде тариф күшіне енді.

Бұл шешім Нью-Делидің Ресей мұнайын сатып алуына байланысты Трамп әкімшілігінің Үндістанға базалық 25% тариф енгізгенінен бірнеше аптадан кейін қабылданды.

Айдың басында Үндістан АҚШ-тың бұл әрекетін әділетсіз санкция деп бағалап, өз тарапынан қарсы шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.

Әлемдегі бесінші ірі экономика саналатын Үндістан үшін енгізілген бұл тарифтер – АҚШ-тың өзге елдерге салған баж салығымен салыстырғанда ең жоғарылардың бірі.

Сауда министрлігінің мәліметінше, өткен жылы Америка Құрама Штаттары Үндістаннан 87 миллиард доллардың тауарын импорттаса, Үндістанға 42 миллиард доллардың өнімі экспортталған.

Трамп алғашқы мерзімінде және биыл Қытай өнімдеріне тарифтерді көтергендіктен, америкалық компаниялар Үндістан сияқты балама өндіріс орындарын іздей бастаған еді.

Бұдан бұрын АҚШ-тың баж салығы туралы жаңа мәлімдемесінен кейін Үндістанның қордағы индекстері құлағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар