АҚШ-тың US Steel болат құю зауытында жарылыс болды

АСТАНА. KAZINFORM - CBS News телеарнасының хабарлауынша, Клэртон қаласындағы (Пенсильвания штаты) US. Steel компаниясының болат құятын зауытында болған жарылыстан бірнеше адам жарақаттанды, деп жазады ресейлік ТАСС.

В США произошел взрыв на заводе сталелитейной компании US Steel
Фото: WTAE

Құтқару қызметі оқиға туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де хабар алды.

Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро әкімшіліктің қала билігімен тығыз байланыста екенін жеткізді.

- Пенсильвания штатының төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жедел әрекет ету қызметтерімен тығыз байланыста отыр және оларға барлық қажетті көмектерді ұсынуға дайын, - деп жазды губернатор X әлеуметтік желісінде.

Осыған дейін Жапонияның Кюсю аралында жаппай эвакуация жарияланғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар