08:34, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама Қытайға алғашқы сапарын жасайды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - АҚШ Президентінің жұбайы Мишель Обама бүгін Қытайға бейресми сапарын бастайды. Аспан асты елінде АҚШ-тың бірінші ханымы 20-26 наурыз аралығында болмақ.
Онымен бірге екі қызы Малия мен Саша және анасы Мариан Робинсон барады. Мишель Обама ҚХР Төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньмен кездеседі деп күтілуде. АҚШ-тың бірінші ханымының бұл сапары «екі ел жастарының білім алу маңыздылығына» арналады. Обаманың отбасы Бейжің, Чэнду және Сианьды аралайды деп жоспарлануда. ҚХР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Мишель Обаманың Қытайға сапары ірі державалар арасындағы Қытай-Америка қарым-қатынасының жаңа үлгісін қалыптастырып, дамытуға себеп болады.