АҚШ-тың бірінші президенті Дж.Вашингтон кітапханаға 300 мың доллар берешек болып қалды

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың бірінші президенті Дж.Вашингтон қайтармаған кітаптар үшін Нью-Йорк қоғамының кітапханасына 300 мың доллар берешек болып шықты. 1789 жылдан бері президенттің атында жазылып қалған екі кітап үшін берешекті кітапхана қызметкерлері XVIII ғасырдың кітаптарын сандық нұсқаға ауыстыру барысында анықтаған, деп хабарлайды РБК агенттігі.

АҚШ-тың бірінші президенті  Дж.Вашингтон   кітапханаға  300 мың  доллар берешек   болып қалды

Екі жарым ғасырдан бері қордаланып қалған осынау айыппұлға Дж.Вашингтонның жауапсыздығы себеп болған, дейді жұрт. Халықаралық қатынастары туралы «Ұлттар құқығы» трактаты мен британдық общиналар палатасының хаттамалары мен жарыссөздерінің жинағын оқуға алған президент, ол кітаптарды қайтармаған болып шықты.

Кітапхана басшылығын қазір айыппұл сомасы емес, табылмай кеткен кітаптар алаңдатып отыр.