15:30, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
АҚШ-тың ең бақытсыз қаласы аталды
АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат - Американдық және британдық сарапшылар «американ бақытының» рейтингін құрастырды.

Оған сәйкес, ең бақытсыз американдықтар - Нью-Йорк тұрғындары болып шықты. Олар басқаларға қарағанда, аз ең қуанады екен. Ешқашан жымиып жүрмейтін, қуанбайтындар да осылар болып шықты, деп хабарлайды Utro.ru сайты.
Ал есесіне, осыдан бірнеше жыл бұрын Катрина дауылынан зардап шеккен, соның салдарынан экономикасы тұралап қалған және Жаңа Орлеан қаласы жермен-жексен болған Луизиана штатының тұрғындары өздерін ең бақытты адам деп санайды екен. Бақыттылар тізімінде екінші орында - Гавай аралдарының, ал үшінші орында - Флориданың тұрғындары орналасқан.