АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
«Мен АҚШ тұрғындарының атынан Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары екі ел арасындағы ынтымақтастыққа кең жол ашты. Қазақстан мен АҚШ кеңейтілген стратегиялық әріптестікті тереңдетуге кірісті»,-делінген хабарламада.
Р.Майкл Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбіт бастамаларын жоғары бағалады.
«Біз Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретіндегі екі жылды нәтижелі аяқтауымен құтықтаймыз және елдің лидерлігін жоғары бағалаймыз. Қазақстан өңірлік қауіпсіздік пен даму мәселесі бойынша өзін лайықты көрсете білді. Әсіресе Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ұстанымдары ерекше атауға тұрарлық. Біз сонымен қатар БҰҰ-ның Ливанға қолдау көрсету мақсатындағы бітімгершлік миссиясына қолдауы үшін Қазақстанның үкіметіне алғыс білдіреміз. Қазақстан әлемдік аренада Орталық Азия мен оның аймағында өзара ықпалдастық пен экономикалық дамуды және бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісінде әріптес ретінде шешуші рөл атқарды».
Сөз соңында Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Қазақстанның екі елдің игілігі жолындағы қарқынды қарым-қатынастарды кеңейтуге деген қадамдарын асыға күтетіндігін атап өтті.