АҚШ-тың шекарашылары шетелдік туристердің әлеуметтік желілерін де тексере бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық шекарашылар шетелдік туристердің әлеуметтік желілері туралы да сұрай бастады. Бұл туралы Vesti.ru Engadget басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Бұл ретте басты назар мемлекетке визасыз режим арқылы келген шетелдіктерге қатысты болып отыр.

Олар аталған шаралардың арнайы қызмет өкілдеріне террористік қауіп-қатерлер туралы білуге көмектесетіндігін айтуда. Алайда, бұл шараға қарсы шығушылар да жоқ емес.

Олар шекарашылардың әлеуметтік желілер туралы мәліметтерді сұрауы азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіріп, ақпараттың құпиялылығын бұзады деп есептейді.

Соңғы жаңалықтар